Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

15 қараша күні сағат 21:00-де Астана-Арена стадионында D дивизионының алғашқы тобының Қазақстан-Латвия кездесуі басталды.

Ойынның 37-минутында Ғафуржан Сүйімбаев қарсылас команданың қақпасына айып алаңынан гол соқты. Алайда Қазақстан құрамасы бұл басымдықты ұзақ уақыт сақтап тұра алмады. Екінші таймда латвиялықтар шабуылға шықты. 49-минутта шаубылша Денис Ракель есепті теңестірді. Осыдан кейін екі тарап та гол соға алмады. Нәтижесінде матч 1:1 нәтижесімен аяқталды.

Еске сала кетсек, 13 қазанда Ригада өткен алғашқы ойында екі команда дәл осындай есеппен тең түскен болатын.

pavlodarnews.kz

Тэги: