- Өкінішке орай, денсаулық сақтау басқармасының ғимаратында ыңғайсыз жағдай орын алды, - деді Ораз Мұқашев. - Бас маманның міндетін атқарушы Нариман Шахмарданов пен № 3 қалалық аурухананың бас дәрігері Марлен Ахметов сөзге келіп қалған. Мемлекеттік қызметші ретінде Нариман Шахмардановқа қатысты қызметтік тергеу тағайындалды. Соның қорытындысына сәйкес облыс әкімдігі әдеп бойынша өкілеттінің қатысуымен әдеп кеңесіне шақырылады. Әрине, мемлекеттік қызмет әдебін бұзғаны үшін комиссия жұмысының қортындысы бойынша қатаң өндіріс қабылданады. Оның бұл ерсі қылығы мүлдем орынсыз. Кез келген жағдайда мемлекеттік қызмет нормасын бұзуға болмайды. Сондықтан Нариман Шахмарданов мемлекеттік органда жұмыс істемеуі тиіс.

Өңірдің бас дәрігері Марлен Ахметовпен ұзақ жылдардан бері бірге жұмыс істегенін және жақсы жағынан танитынын атап өтті.

- Менің ойымша, ол адам кінәлі емес, - дейді Ораз Мұқашев. – Сондықтан жұртшылық оны көп жылдар бойы білікті басшы ретінде танығанын қалаймын. Жанжал орын алған сәтте сол жерде ешкім болмаған. Таяу арада Нариман Шахмарданов №3 ауруханада болған. Куәгерлерден сұрағанда қызмет көрсету персоналына дөрекі қылық танытқаны анықталды. Менің бұйрығыммен тәуелсіз комиссия құрылуда. Олар Нариман Шахмардановтың денсаулығын бағалайды. Бүгінгі таңда екеуі де ауруханада жатыр.

Ақ желеңдінің айтуынша, екі азамат та жанжалдан кейін компьютерлік томограф жасатқан және Марлен Ахметов қатты жарақат алған.

Нариман Шахмарданов Ғ. Сұлтанов атындағы облыстық ауруханада хирург дәрігер ретінде және фармацевтикалық компанияда жұмыс істеген.

Еске сала кетейік, денсаулық сақтау басқармасының алғашқы медициналық санитарлық көмек және қоғам денсаулығын сақтау бөлімі бас маманының міндетін атқарушы мен №3 қалалық аурухананың бас дәрігері  арасында жанжал орын алған.  Нәтижесінде екеуі де медициналық көмекке жүгінген.

 Ақбота Сейсенбаева

Фото: Облыстық денсаулық сақтау басқармасы

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, оқиға, жанжал, дәрігер, 7-мамыр