Бұл туралы  ҚазАқпарат  ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті «ҚазБШҒЗИ» ЖШС-ға сілтеме жасап хабарлайды.

 «Бекіре өнімдерін (уылдырық, балық еті, балықтандыруға арналған шабақтар) экспорттау мен импорттауды жоспарлаған шаруашылықтар өздері өсіріп жатқан балықтардың заңды екенін растау үшін генетикалық сараптама мен генетикалық төлқұжаттандыру жүргізуі қажет», - деп атап өтті ҚР АШМ Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті Facebook-тегі парақшасында.

«Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС Қазақстанда СИТЕС-пен айналысатын бірегей ғылыми ұйым және осы ұйым ғана бекіре балықтарын генетикалық төлқұжаттандырумен айналысады. Қазіргі таңда «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС мен «Каzakh Osseter» ғылыми-өндірістік мекемесі бекіре балықтарына арналған генетикалық төлқұжаттарды мекеме дерекқорына енгізу жұмыстарын бірлесіп атқаруда. Аталған жұмыстарды жүргізуде шетел мамандары, Ресей мемлекетінің «Бүкілресейлік балық шаруашылығы және мұхиттану ғылыми-зерттеу институты» ФМБҒМ бекіре және басқа да құнды гидробионттар проблемаларымен айналысатын молекулярлы генетика зертханасының мамандары да қолдау көрсетуде. «Қазақ балық шаруашылығы ғылыми зерттеу институты» ЖШС-ның ғылыми қызметкерлері осы шаруашылықта балықтардың аналық үйірлерін қалыптастыруға таңдалған балықтарға генетикалық төлқұжаттарды дайындау жұмыстарын жүргізу нәтижесінде шаруашылықтағы барлық бекіре балықтары таңбаланды (электронды чиптар.

Демек, таңба нөмірі бойынша балықтар жайлы барлық ақпараттарды білуге болады (жасы, салмағы, жынысы). Каспийлік бекіре балықтарына (бекіре, қортпа) дербес генетикалық төлқұжаттар, ал сүйрік және сібір бекірелерінің үйлеріне генетикалық масстөлқұжаттар жасалды. Сонымен қатар, осы жұмыстардың өзгешеліктерінің бірі - ғылыми қызметкерлер УДЗ диагностика көмегімен бекіре балықтарының жынысын және жыныс өнімдерінің пісіп - жетілуін анықтады. Аналық үйірлерге таңдалып алынған балықтар бөлек бассейндерге жіберілді және оларға ерекше күтім қажет. Балықтарды отандық жемдермен қоректендіреді және қысқы жағдайға бейімдейді. Көктемде таңдалған балықтардан уылдырық алып, бекіре санын одан әрі көбейту жоспарлануда.

pavlodarnews.kz

Тэги: