15 Желтоқсан 2018 жыл
Қаз Рус
Рус Каз

2019 жылдың қаңтарынан бастап қандай жолдар ақылы болады

  Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында «Нұрлы жол» бағдарламасын іске асыру мәселелері жөнінде баяндаған ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек атты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ақылы автожолдарды дамыту бойынша биыл қазан айында Ішкі істер министрлігінің жүйелерімен интеграцияланған Алматы-Қапшағай, Алматы-Қорғас және Астана-Теміртау учаскелерінде ақы алу жүйелері тесттік пайдалануға енгізілді. Келесі жылы қаңтар айының екінші жартысында ақы алуды бастау жоспарлануда», - деді министр. Оның атап өтуінше, мұнан бөлек, 5,9 мың шақырымда, соның ішінде «Батыс Еуропа - Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде ақы алу жүйесін салу бойынша жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төлемдерді жинау жүйесін монтаждауды келесі жылдан бастау жоспарланған. «Жалпы, 2020 жылға қарай ұзақтығы шамамен 6,6 мың шақырым жолда төлем алу жүйесі қосылады. Сонымен қатар, биыл желтоқсан айында Шымкент пен Сарыағаштың айналмалы жолдарының құрылысын салуға және Сарыағаштан Өзбекстан Республикасының шекарасына дейінгі учаскені қайта жаңғыртуға концессиялық негізде конкурс жариялау жоспарлануда. Құрылыс жұмыстарын 2020 жылы бастау жоспарланып отыр», - деді Жеңіс Қасымбек.

Жаңалықтар

Система Orphus