Ішкі саясат бөлімінің басшысы Нұрсұлтан Шайхинның айтуынша, бұл апталық - «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында латын әліпбиін насихаттауға бағытталған алғашқы аудандық акция.

 - Апталық мемлекеттік органдар қазақ тілінің жаңа кестесін қалай қабылдайтынын талдау үшін ұйымдастырылуда. Олардың барлығына латын графикасының соңғы нұсқасы жіберілді. Аудан бойынша барлығы 14 ауылдық аймақтың әкімдері мен 12 бөлім ақпаратты мемлекеттік тіл және ресми тілден тыс, латын қарпінде жібереді. Бұл қандай да бір жарыс емес. Қоғамның көзі үйрене беруі үшін алдын ала  жүргізіліп жатқан дайындық жұмыстары. Осындай шараның нәтижесінде тұрғындар латын қарпін қолданудағы өзінің деңгейіне көз жеткізеді, - дейді Нұрсұлтан Шайхин.

14 қараша күні республика бойынша бір мезгілде өткен «Жалпыхалықтық диктант жазу» шарасына ауданда 5015 адам қатысқан. Олардың ішінде жастар қатары  белсенділік танытып, жақсы нәтиже көрсеткен. Оған әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде латын қаріпін жиі қолдану себеп болса керек. 

Бұдан басқа, Тұңғыш Президент  күніне орай  Сұлтанмахмұт Торайғыров атындағы мұражайда «Елі сүйген, елін сүйген Елбасы» атты көрме, мектеп оқушылары арасында «Елі еріне, ер еліне сенген ұлы тұлға» атты шығарма, өлеңдер жазу байқауы жоспарланған. Сондай-ақ «Кенші» мәдени-сауық орталығының концерт залында Елбасы жайы фильмдер көрсетіледі.

Волейбол, баскетбол, шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ бойынша спорттық жарыстар ұйымдастырылады.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, латын графикасы