Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, жүргізуші мен үш жолаушы әртүрлі жарақат алған.

- Жол-көлік оқиғасы кеше, сағат 14.19-да тіркелді, - дейді Эльмира Темірғалиева. - 55 жастағы азаматтың оң жақ бұғанасы мен бірнеше қабырғасы сынған. 38 жастағы адамның бас сүйек-миы зақымданып, миы шайқалған, сол жақ білегі сынған, көптеген жарақаттар бар. 34 жастағы тұрғынның екі жақ қабырғалары сынған, бас сүйек-миы зақымданып, миы шайқалған.

Үшеуі де Екібастұз қаласының ауруханасына жатқызылған. 39 жастағы ер адам ауруханаға барудан бас тартқан.

- Жол-көлік оқиғасына қатысты ҚР ҚК-нің 345-бабы бойынша тергеу жүргізілуде. Тиісті сараптамалар тағайындалды.Тексеріс жүргізілуде, - дейді полиция департаментінде.

Бұдан басқа, Кіші айналым – Толстой көшелерінің қиылысында тағы бір жол апаты орын алған. «Volkswagen Transporter» және «Audi» автокөліктері соқтығысып қалған.

- Нәтижесінде «Audi» көлігінің 39 жастағы жүргізушісі мен жолаушылар ауруханаға  жеткізілді. Сараптама тағайындалды. Тексеріс жүргізілуде, - дейді полиция департаментінде.

Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне сүйенсек, жүргізушіде жабық бас сүйек-ми сынығы, бас миының шайқалуы тіркелген. 39 жастағы жолаушының омыртқасының бел жақ бөлігі жарақаттанып, сол жақ қабырғалары сынған. Екеуі де № 1 қалалық ауруханаға жеткізілген. 13 және 14 жастағы жолаушылар жабық бас сүйек-ми сынығы, бас миының шайқалуы диагнозымен облыстық балалар ауруханасына жатқызылған.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, оқиға