Еске сала кетейік, инсульт алғаннан кейін есінен айырылып қалған 71 жастағы Валентина Кремзелюктың туыстарына іздеу салынатыны туралы хабарлама Instagram желісінің @club_dobryakov_pavlodar_парақшасында пайда болған.

Сурет арқылы оны көпшілік таныған. Таныстары немересін тауып алып, Томскте тұратын әпкесіне хабарлаған болатын.

Дәрігерлердің айтуынша, Валентина Кремзелюк ем қабылдауды аяқтаған. Енді оған үй жағдайында үнемі күтім қажет. Алайда, туыстары алып кетуге ниет білдіре қоймаған.

Қайырымдылық үйінің директоры Гүлнар Арбаева Валентина Кремзелюкты дәрігер қарап шыққанын және инсульттан кейін сөйлеу қабілеті  бұзылғанын айтады.

- Валентина Кремзелюк төсекке танылып жатыр, тәулік бойы күтім көрсетіледі. Туыстары келіп кетті, - дейді Гүлнар Абраева.

Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі ведомстволық бағынысты ұйымдар мен азматтардың өтініші бойынша сектор меңгерушісі Шынар Қайырованың сөзінше, егер де зейнеткер Қарттар үйіне баруға өтініш білдірсе,  қарияны сол жаққа ауыстырады.

Фото Instagram @club_dobryakov_pavlodar_

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, оқиға, «Zhasproject»