Бұл туралы  ҚазАқпарат   «Қазгидромет» РМК-ға сілтеме жасап хабарлайды.

«Атлант циклондарымен байланысты ауа ағындары Қазақстанның бүкіл аумағымен жылжиды. Осыған байланысты қар жаууы мүмкін, солтүстіктен күшті жел, боран соғады. Республиканың оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарына Каспийдің оңтүстігінен жылжып келе жатқан циклонға байланысты қар аралас жаңбыр жауып, тұман түсуі мүмкін, көктайғақ болып, күшті жел соғуы ықтимал», - делінген хабарламада.

Сонымен қатар бүкіл Қазақстан аумағында ауа температурасы көтеріліп, көпжылдық орташа мәнге жуық болады, ал солтүстік облыстарда климаттық нормадан жоғары болады.

pavlodarnews.kz

Тэги: