Павлодар облысы тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының маманы Дәулет Темірболаттың айтуынша, қазақ тілін оқытатын педагогтардың біліктілігін арттыруға бағытталған шараның мақсаты – онлайн режимі арқылы қашықтан қол жеткізу мүмкіндігін пайдалана отырып қазақ тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру.

- Аталған семинарда Қазақ гуманитарлық заң университетінің «Мемлекеттік іс-қағаздарын жүргізу» бойынша тіл маманы, филология ғылымдарының кандидаты Бекзат Динаева Тереңкөл, Ертіс, Ақтоғай, Баянауыл аудандарының қазақ тілі оқытушыларына дәріс оқыды. Қазақ тілі оқытушылары мемлекеттік тілді оқыту кезінде қолданылатын әдістемелермен және жаңа технологиялармен танысып, онлайн режимінде өзекті мәселелерді талқылады, - дейді Дәулет Темірболат.

Филология ғылымдарының кандидаты мамандарға кəсіби хат алмасудың жалпы ережелері, мәтін құрылымы,  кəсіби хат алмасу қағидалары және маманның кәсіби қызметіндегі іскерлік жазбаша қатысым тілі туралы түсіндірген.

Ағымдағы жылы жалпы бес рет өткізілген облыстық онлайн семинарға қалалар мен аудандардан 250 қазақ тілі оқытушысы мен тіл маманы қатысқан.

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мемлекеттік тіл