Ақсу қаласы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, жарысқа еліміздің әртүрлі аймақтарынан 14-15 жас аралығындағы 200-ге жуық жасөспірім келген.

- Былғары қолғап шеберлері Иманжүсіп Құтпанұлы атындағы спорт кешенінде 6 күн бойы өзара бақ сынасып, мықтыларды анықтайды. Чемпионатқа Астана, Ақмола, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан өңірлерінің жас боксшылары жиналды. Жарыстың ашылуында Ақсу қаласының әкімі Балғабай Ыбыраев, бокстан ҚР жасөспірімдер ұлттық құрамасының аға жаттықтырушысы Қайрат Сатжанов құттықтау сөз сөйлеп, спортшыларға сәттілік тіледі, - дейді баспасөз қызметінде.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, жарыс қорытындысы бойынша 1, 2, 3-орын алған қатысушылар қаңтар айында Өскемен қаласында өтетін Қазақстан біріншілігінің ақтық сайысына жолдама алады.

Аталған додада төрт ақсулық жас спортшы сынға түседі.

Фото: Ақсу қаласы әкімінің баспасөз қызметі

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, спорт, бокс, Ақсу