Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында өңірлік мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы басшысының м. а. Гүлзира Баширова айтты.

- Нұрсұлтан Назарбаевтың өмірінен ұсынылатын көріністер алғашқы деректерден алынады, - дейді Гүлзира Баширова. - Кітаптардың ішінде Елбасының өзі жазған «Тәуелсіздік дәуірі», «Мыслями с народом поделюсь» сияқты еңбектері бар. Сондай-ақ, қарапайым ауыл баласынан Ұлт көшбасшысына дейінгі өмір жолы туралы «Нұрсұлтан Назарбаев. Өмірбаян» кітабы қамтылды.

Ведомство ұсынған мәліметке сүйенсек, бүгінгі күні басты рөлге актерлерді іріктеу жүргізілуде. Қойылымның режиссері - Алтынбек Рахметов.

Театрландырылған көріністе Тұңғыш Президенттің балалық шағы, студенттік кезеңі, Теміртау қаласы мен заманауи Қазақстан ұсынылады.

Барлық қойылымдарға Ж. Аймауытов атындағы қазақ музыкалы-драма театры мен А. Чехов атындағы драма театрының актерлері қатысады. Әрбір театрландырылған өмір кезеңі музыкалық нөмірмен және хореографиямен аяқталады. Барлығы 11 ән орындалады. Музыкалық туындыларды Иса Байзақов атындағы облыстық филармонияның әншілері мен Қазақстанның эстрада жұлдыздары шырқайды. Концертке барлығы 60 адам жұмылдырылады.

Соңында ҚР еңбек сіңірген қайраткері, халықаралық байқаулардың лауреаты, әнші Алтынай Жорабаева өнер көрсетеді. 

Айта кетерлігі, облыс бойынша мерекеге орай 200-ден астам шара ұйымдастырылады. Оның ішінде концерттер мен көрмелер, қойылымдар, Ұлт көшбасшысы туралы фильмдер көрсету, тақырыптық бағдарламалар жоспарланған.

Ақбота Сейсенбаева
Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет, Елбасы