Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында өңірлік ішкі саясат басқармасының басшысы Ернұр Дәуенов айтты.

- Облыстың қалалары мен аудандарында ауыл шаруашылық жәрмеңкелері, мәдени-спорттық іс-шаралар өткізіледі, - дейді Ернұр Дәуенов. – 1 желтоқсан күні Павлодар, Ақсу және Екібастұз қалаларында қоғамдық көліктерде жүру тегін болмақ. Сонымен қатар мереке күндері облыс тұрғындары үшін түрлі тауарлар мен қызметтер үшін кинотеатрларда және сауда орталықтарында жеңілдіктер қарастырылған.

Мереке қарсаңында ашылатын нысандардың қатарында облыс орталығындағы олимпиадалық резервтің 50 метрлік жүзу бассейні, Ақтоғай ауданы, Қараоба ауылындағы екі пәтерлі жаңа үй, Железин ауданының Ақтау ауылындағы ауылдық мәдениет үйі, «Азаматтар альянсы» ҮЕҰ үйі, Тереңкөл ауданында ИП «Кузнецов» сауда үйі, Май ауданындағы Абылайдың жайлаудың қасиетті жерінде Абылайтас ескерткіші бар.

Бұдан бөлек, Ақтоғай ауылы Абай атындағы мектепте және Қожамжар ауылдық округінің Тіленшин орта мектебінде, Қоңырөзек ауылдық округінің Павловск орта мектебінде, Успен ауданының Равнополь ауылдық округінің Константиновский орта мектебінде «Рухани жаңғыру» кабинеттері мен Успен ауданының № 3 орта мектебінде «Мұғалімдер кеңсесінің» тұсауы кесіледі.

Екібастұз қаласы Солнечный кентінде қайта қалпына келтірген үй, Павлодарда «Сарыарқа» шағын ауданында № 21 және № 22 тоғыз қабатты тұрғын үй қолданысқа беріледі.

Павлодар қаласының Жаңаауыл ауылында жаңа ауылдық клуб, Шарбақты ауданының «Радуга» мектептен тыс жұмыс орталығының базасында IT-орталығы ашылады.

Тәуелсіздік күніне орай Екібастұзда теміржол дөңгелектерін шығару кешені, төрт тұрғын үй, «Думан» сауда үйі, жеке меншік балабақша мен жол бойындағы сервис - 50 орындық дәмхана пайдалануға тапсырылады.

Павлодардағы «Сарыарқа» шағын ауданында екі қабатты тұрғын үй мен Тереңкөл ауданы Бобровский ауылдық округінің Жаңабет ауылында бос уақытты өткізу орталығы іске қосылады.

Облыс әкімі Болат Бақауов бассейнді Тәуелсіздік күні қарсаңына ауыстыруды, орнына облыстық полиция департаментінде жарыс өткізіп, «Динамо» спорт кешенін тізімге қосуды ұсынды.

Ақбота Сейсенбаева
Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, мәдениет, Елбасы