Бұл туралы облыстық әкімдікте өткен аппараттық жиында өңірлік жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасының басшысы Қадылжан Сәтиев айтты.

- Оның ішінде бес ауылда іздестіру-барлау жұмыстары жүргізілуде, - дейді Қадылжан Сәтиев. - Бұдан кейін жобалық-сметалық құжаттама әзірлеуге қаражат бөлу қажет. 41 ауылда сумен жабдықтау нысандарын құру жобалары әзірленуде. Жобаларды әзірлеу және сараптамаларды алу мерзімінің созылуы салдарынан жобалар 2019-2021 жылғы бюджеттің қалыптасуына енбеді. Бұған қоса, сапасыз әзірленуі сумен жабдықтау нысандарының сараптауларын ұзақ қаралуына әкеледі. Осыған байланысты аудандар мен қалалардың әкімдері сумен жабдықтау жүйелерін сапалы жобалауды қатаң қадағалауы қажет.

Басқарма басшысының ақпаратына сүйенсек, бүгінгі таңда 354 елді мекеннің 96-сы немесе 27,1 пайызы орталықтандырылған сумен жабдықталған. 205 ауыл жергілікті су көздерін пайдаланса, 58-і кешенді блок модулін қолданады, сегізі тасымалдап ішеді.

Аймақ басшысы Болат Бақауов өзінің орынбасары Ұлан Жазылбекке еліміз бойынша сумен жабдықтауға қатысты алдыңғы қатардағы тәжірибені зерттеуді тапсырды.

- Екі жылдың ішінде 800 шақырымдай су құбыры желісін тарттық, - дейді облыс әкімі. - Қызмет көрсету ұйымдарымен жұмыс істеу күрделі. Техника сатып алу, сенімгерлікке тапсыру жолын қарастыру керек. 2017 жылы Успен ауданының Константиновка ауылында 325 ауланың 200-і, Ақсу қаласы Қызылжар ауылында 529 ауланың 267-сі, Ямышево ауылында 335 ауланың 182-сі, Ақтоғай ауданы Приреченск ауылында 180 ауланың 141-і, Жолболды ауылында 155 ауланың 102-сі қосылған. Ауыз судың сапасы адам денсаулығына әсері зор. Сондықтан бұл бағытта жұмысты күшейту қажет.

Ақбота Сейсенбаева

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, қоғам, орталықтандырылған су жүйесі, ауыз су