Бүгінгі таңда біздің қоғамымызда бақылаудың жоқтығынан шенеуніктер арасында жемқорлықтың түрлі көріністері өркендеп отырғаны бәрімізге белгілі. Мұндай зиянкестіктер өмір салтымызға, әсіресе құқықтық мәдениетіміздің ыдырауына жаман ықпалын тигізуде.

Жемқорлықтың мынадай түрлері кездеседі: мемлекеттік басқару саласында, Парламенттік сыбайлас жемқорлық, іскерлік сыбайлас жемқорлық, кәсіпорындардағы сыбайлас жемқорлық, тұрмыстық сыбайлас жемқорлық.

Сыбайлас жемқорлық қызмет саласына байланысты мынадай түрлерге бөлінеді: пара, ысырап қылу, алаяқтық, бопсалау, фаворитизм – мемлекеттік және қоғамдық өмірде іштартар адамдарына қолдау көрсету, қабілетінің, білімінің жоқтығына қарамастан жоғары лауазымдарға тағайындау, билікті асыра пайдалану.

Сыбайлас жемқорлықтың негізгі белгілері: тараптардың өзара келісуі, өзара міндеттемелерінің болуы, тараптардың өзара тиімділік және артықшылықтарға ие болуы, дұрыс қабылданбаған шешім заң бұзушылыққа немесе моральдық негіздерге қайшылық етеді, ортақ мүддені саналы түрде жеке бас пайдасына асыру, екі тараптың өз іс-әрекеттерін жасыруға ұмтылуы.

Мұндай нашар түйсік – қоғамның жағымсыз белгілерінің бірі. Қоғамның осындай кемістігі – наркомания, алкоголизмге пара-пар.

С.И. Ожеговтың сөздігінде: «Сыбайлас жемқорлық – лауазымды адамдардың, саясаткерлердің параға сатылуы», - деп айтылады.

Көпқырлы сыбайлас жемқорлықтың қоғамның барлық салаларына әсерін тоқтату үшін жүйелі түрде мемлекет, қоғам, ең бастысы, әр адам болып түп-тамырымен жоюға үлес қосуымыз керек.

Сыбайлас жемқорлық – бұл жағымсыз құбылыс. Ол қоғамның негіздеріне нұқсан келтіреді, дамуына қауіп төндіреді, мемлекеттік органдарға деген сенімді төмендетеді, экономиканың, қоғамның салиқалылығын бұзады. Адал немесе азғын мемлекетте өмір сүруіміз – сіз бен бізге байланысты.

Мұқият болыңыз: алаяқтардан сақтаныңыз, құқықтар мен заңдарды ұстаныңыз, пара бермеңіз, азғыруға елікпеңіз, қызмет бабын асыра пайдаланбаңыз.

«Жоғарыдағылардың» сыбайлас жемқорлық көріністеріне немқұрайлылық танытпаңыз, «көзбояшылардан» сақ болыңыз.

«Салиқалы адамды сатып алу мүмкін емес» дегенге келісерсіз.

Ақтоғай ауданының ТЖБ басшысы, азаматтық қорғаныс подполковнигі А.Әлімжанов

pavlodarnews.kz

Тэги: