- Басқармамыз ғылыми-әдістемелік семинарды Инновациялық Еуразия университетімен бірлесіп өткізді, - деді облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасында. – Семинар Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласы аясында ұйымдастырылды. Латын әліпбиіне көшу – еліміз үшін жасалған маңызды қадамдардың бірі. Себебі, латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің халықаралық дәрежеге шығуына жол ашады.

Іс-шара аясында латын әліпбиіне көшу үрдісін оқу-әдістемелік және ғылыми жағынан қолдаудың маңызды міндеттері белгіленді. Бұл ретте, болашақ педагог кадрларға қосымша білім беру бағдарламаларын ұйымдастыру, латын әліпбиінде жазылған оқу-әдістемелік, мультимедиялық құралдар әзірлеу, латын әліпбиінде іс жүргізуді жолға қою, профессор-оқытушылар құрамының біліктілігін арттыру және өзге де маңызды шаралар қарастырылды.

Семинар жұмысына жоғары оқу орындарының оқытушылары, мектеп мұғалімдері, магистранттар, ғылыми қызметкерлер, «Филология» мамандығының жоғарғы курс студенттері және мемлекеттік құрылымдар, кәсіпорындар және ұйымдардың қызметкерлері қатысты.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Латын емлесі, қоғам, білім