- Бүгінгі шара Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Туған жер» жобасының «Рухани қазына» кіші бағдарламасын іске асыру аясында ұйымдастырылып отыр, - дейді Тереңкөл ауданы мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Бақытжан Бектасова. - Ауданда өлкетану жұмыстарын жүргізу барысында табылған деректер мен тарихи мәліметтер, қасиетті орындар туралы мағлұматтарды ұсынып отырмыз. Мысалы, Сайділда қажының орны қасиетті деп танылған болатын. Бүгінгі көрмеге бойындағы ерекше қасиетімен танылған қажының жеке заттары әкелінді.

Былтырғы жылы 6-тамызда Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен аудан атауы Тереңкөл деп қайта аталған. Зерттеу жұмыстарын жүргізу кезінде Качир ауданында Тереңкөл болысы болған Ілияс Жанкарин туралы деректер де көпшіліктің назарына қойылды.

 - Біздің ауданымызда қазба жұмыстары жүргізілген болатын, - дейді ол. - Сол кезде табылған ең белгілі артефакті - қимақ жауынгерінің бас киімін осы жерден көруге болады. Бұдан басқа, әртүрлі археологиялық экспонаттар көрсетілуде. Ауданнан шыққан Ұлы Отан соғысы батырлары мен республика деңгейінде танылған тұлғалардың жеке заттарымен таныса  аласыздар.

Еке сала кетейік, Сайілда (Шайдолла) Түйтібекұлы 1874 жылы дүниеге келген. 1908-1909 жылдары қажылыққа барған. 1926 жылы мешіт бұзылғаннан кейін көпке бармай дүниеден озған. Ел арасында қалған аңыздарға сүйнесек, көне шағатай тілінде жазылған қолжазбалардың көбі өзімен бірге жерленген, бірқатары жиендерінде сақталған.

Ақбота Сейсенбаева
Фото: автор 

pavlodarnews.kz

Тэги: