Бұл туралы nur.kz хабарлайды.

Шараға қалалар мен аудандар әкімдерінің орынбасарлары, Павлодар облысы салалық кәсіподақтарының аймақтық құрылымдар өкілдерінің Үйлестіруші Кеңес мүшелері, облыс кәсіпкерлер палатасының өкілдері қатысты.

Отырыста Павлодар облысының әкімдігі, кәсіподақтардың аймақтық бірлестігі және кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған облыстық келісімнің орындалуы, Павлодар облысының әкімдігі, Павлодар облысының кәсіподақтар орталығы, кәсіподақтардың аймақтық бірлестігі және Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған келісімге қосымша келісімге қол қою мәселелері қаралды.

Ағымдағы жылғы қаңтардан бастап бес институционалдық реформаны іске асыру жөніндегі 100 нақты қадам ұлт жоспарының шеңберінде дайындалған Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі қолданысқа енгізілді. Жаңа редакциядағы Еңбек кодексі қатынастардың ең кем стандарттарын қарастырады. Сондай-ақ, мемлекеттік араласудың шегін анықтап, жұмыс беруші мен жұмыскерлер арасындағы еңбек қатынастарының дамуын өздігінен реттеу қағидаты бойынша болжайды.
Жаңа Кодекс халықаралық тәжірибені ескере отырып әзірленді. Осылайша, келісімдерге, еңбек және ұжымдық келісімдерге, сондай-ақ жұмыс берушілердің актілеріне маңызды рөл бөлінеді.

Осыған байланысты, Қазақстан Республикасының жаңа Еңбек кодексінің талаптарын ескере отырып әзірленген «Павлодар облысының әкімдігі, «Павлодар облысының кәсіподақтар орталығы» кәсіподақтардың аймақтық бірлестігі және Павлодар облысының кәсіпкерлер палатасы арасындағы 2015-2017 жылдарға арналған қосымша келісімге қол қойылды.

pavlodarnews.kz