Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Бірінші жарыс күнінде қазақстандық спортшылар 11 медаль жеңіп алды, - деді баспасөз қызметінде. – Еліміздің танымал спортшысы Дмитрий Баландин 50 және 200 метрге брасс әдісімен жүзуде алтыннан алқа тақты.

Халықаралық турнирде павлодарлық спортшы Аделаида Пчелинцева 50 метрге брасс әдісімен жүзуде алтын медаль олжалады. Ал, Қазақстан командасының сапында қыздар арасындағы эстафетада күміс медальге ие болды.

Еске салайық, халықаралық бәсекелерде үздіктер қатарынан көрініп жүрген Аделаида Пчелинцева 2018 жылы жүзуден Қазақстан рекордын екі мәрте жаңартқан болатын.

Оразбек Саяхат

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, жүзу, Аделаида Пчелинцева, спорт