Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Кей жерлерде жауын-шашын жауады, республиканың қалған аумағында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Басым өңірде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстарында тұман, түнде кей жерлерде көктайғақ болады, күндіз кей жерлерде 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Атырау, Қостанай, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Ақмола облыстарының кей жерлерінде тұман түседі.

Жамбыл, Қостанай, Шығыс Қазақстан, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде 15-23 м/с жылдамдықпен жел соғады.

Алматы облысында түнде кей жерлерде тұман түсіп, жел күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с-ға жетеді.

pavlodarnews.kz

Тэги: