- Шара барысында полицейлер тұрғындармен түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Пәтер, саяжай, үй иелеріне өздерінің тұрғын үйін қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау үшін қандай шара қабылдау қажет екендігі туралы ақпарат беріледі. Полиция департаменті 280 күзет қызметі субъектісін бақылауды жүзеге асырады. Олардың қатарына 249 жеке күзет ұйымы кіреді, - дейді облыстық полиция департаментінде.

11 жеке меншік ұйым орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған азаматтардың пәтерлері мен үйлерін күзетуді жүзеге асырады.

Бүгінгі күні орталықтандырылған бақылау пультіне 4560 пәтер мен үй қосылған. Полиция қызметкерлері азаматтарға сақ болып, қарапайым ережелерді сақтауға шақырады.

Пәтер ұрлығының алдын алу шаралары - кіру есігін бекіту, терезелерде торлар, ведомстводан тыс күзет пультіне дабыл және бейнебақылау жүйелерін орнату.

Тұрғын үйге заңсыз кіру фактісі анықталған жағдайда дереу «102» нөміріне хабарлау қажет.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам