ПМУ медиаорталығы хабарлағандай, іс-шара халықтың бірлігі мен тұтастығын нығайтуға, басқа елдердің дәстүрлеріне құрметпен қарауға, сондай-ақ жастар ортасында ұлттық салт-дәстүрлерді насихаттауға бағытталды.

- «Кез келген мерекелік дастарханның басында әрдайым алдымен шай беріледі, - дейді №2 студенттер үйі студенттік кеңесінің төрағасы, студент Әйгерім Бөкенбай. - Шай ішкеннен кейін ет, одан кейін қымыз беру қалыптасқан. Кей кезде қазақтардың шай дәстүрлеріне көршілес тұрған халықтар әсер еткен. Мәселен, түркімендермен көршілес тұрған қазақтар үнемі май, тұз және сүт қосып шай ішкен.

Қатысушыларға хош иісті сусыннан дәм татқыза отырып, оларға бұл рәсімнің тарихы мен ерекшеліктері туралы айтылды.

Гуманитарлық-педагогикалық факультеттің студенті Аңсат Тәшкенбай шай рәсімінің түрлі ерекшеліктеріне тоқталды.

- Қазақстанда шай ішу дәстүрі бұрыннан бері рәсімделген, - дейді Аңсат Тәшкенбай. - Бір шыны аяқ шай үй иесінің қонаққа қатысы туралы көп нәрсе айта алады: кім шай береді және қанша шай береді. Мысалы, шыныаяққа толтыра шай құйса, сіз қаламаған қонақсыз дегенді білдіреді. Шайды аздап құйған дұрыс: жарты кесе немесе одан да аз құю қажет.

Қазақша шайдың өнімдерін араластырған кезде оларды қосу реті де өте маңызды. Мәселен, алдымен сүт, содан кейін шай, кейін қайнаған су қосылады. Бұл ретте, шыныаяқ пен шәйнек арасындағы тиісті биіктікті сақтай отырып, қайнаған суды дұрыс құю да маңызды.

Фото: ПМУ медиаорталығы

pavlodarnews.kz

Тэги: шай ішу дәстүрі, мәдениет, ПМУ, студенттер, салт-дәстүр