Алғашқылардың бірі болып павлодарлық Сергей Тарасов Елбасына алғысын білдіріп, гитарада әнін шырқады.

 Бұдан кейін жергілікті әншілер де оны қолдап, өз видеоларын жүктей бастады. Біреулер сахнада шырқалған әндерін жүктесе, енді бірі домбырамен қазақша әндерді орындап, өз парақшаларына #песнядляпрезидента #елбасығаән хэштегтерімен салды. Мысалы, павлодарлық әнші Sati  «Көзіңнің мөлдірін-ай»  әнін орындады.

 Ал, Наталья Процкая тұңғыш Президентке арнап «Қазақ батырлары» әнін айтса, жас композитор, талантты әнші Ерасыл Бейбіт – «Мұз-Арт» тобының «Үш қоныр» әнін ұлттық аспаппен орындап шықты.

 Еске салайық, 19 наурыз күні Нұрсұлтан Назарбаев өзінің мемлекет басшысы ретіндегі өкілеттігін тоқтататыны жөнінде мәлімдеген болатын. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Республика Президенті өкілеттігін уақытша атқаратын Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына ант берді.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: Нурсултан Назарбаев, Парламент Казахстана, Президент

Похожие материалы: