- Бірінші естіген кезде қатты есеңгіреп қалдық, - дейді Бақытжамал Максилова. - Себебі, қазақ елін басқарып отырған Елбасымыздың мемлекет басшылығынан кететіні туралы мәлімдегенде қатты қиналып, көзімізге жас алдық. Бірақ та Ұлт Көшбасшысының салып кеткен жолымен жүретін ізбасарлары бар деп сенеміз. Нұрсұлтан Әбішұлының тәуелсіз Қазақстанды күллі әлемге таныту жолындағы еңбегі орасан зор. Сондықтан кез келген марапат пен атаққа лайық екені сөзсіз.

Бірлестік төрайымы жергілікті «Нұр Ана» және «Нұр болашақ» жастар қанатының атауы тікелей Елбасының есімімен байланысты екеніп айтып, Тұңғыш Президентке ерекше ықыласпен құрмет көрсетілетінін айтады.

- 30 жылдың ішінде талай тарихи сын сағаттардан өзінің сарабдал саясатының арқасында елімізді үлкен жетістіктерге жетелеген Нұрсұлтан Әбішұлы әрдайым біздің жүрегімізде сақталады. Бұл үндеуді біздің жастарымыз тебіреніспен қабылдады. Елбасы өзі атап өткендей, халыққа сенеді және әрдайым елмен бірге болмақ. Сондықтан алдағы жарқын болашаққа деген сенім зор, - дейді Бақытжамал Максилова.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам