- Өздеріңіз білесіздер, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Қазақстан Республикасы үшін тарихи рөл атқарады, - деді депутаттарға Әнуар Күмпекеев. - Елбасы жаңа мемлекет, нарықтық экономика құрды, тұрақты экономикалық өсуді қамтамасыз етті, Қазақстанды Орталық Азия үшін беделді көшбасшы деп таныды. Ол өзінің «Қазақстан-2030» Стратегиясын мерзімінен бұрын орындап, еліміздің бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіруін қамтамасыз етті, Қазақстанды екі әлемдік экономикалық дағдарыстан табысты шығарып, мемлекет болғанын дәлелдеді. Оның ұлы жобасы - жаңа Астананың құрылысы. Сондықтан Павлодар қаласының орталық даңғылын ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен атау қажет деп санаймын. Осы шешімді қабылдау өскелең ұрпақты қазақстандық патриотизм сезімге тәрбиелеуге ықпал етеді.

Қалалық мәслихаттың депутаттары ұсынысты бірауыздан қолдап, Тәуелсіздік даңғылының атауын Нұрсұлтан Назарбаев деп өзгерту үшін дауыс берді. Енді мәслихаттың бірлескен шешімі мен әкімдіктің қаулысы ономастикалық комиссияның қарауына беріледі.

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, көше, атау