- Мемлекет басшысы жастарды, оның ішінде жұмысшы жастарды үнемі қолдайды, - дейді Ақсу ферроқорытпа зауытының электромонтері Рауан Әлібеков. – Нұрсұлтан Назарбаев зауытта еңбек ететін жандардың жұмысын жақсы біледі әрі бағалайды. Қазақстанның өркендеп, дамуы жолындағы еңбегін кейінгі ұрпақ есте сақтап жүруі үшін қала көшесіне Тұңғыш Президенттің есімін беру туралы ұсынысты қолдаймыз.

Жастар бастамаларын дамыту орталығы «АртМедиа» бөлімінің жетекшісі Серікболсын Қинаятов Жастар жылы аясында елімізде тұрақтылық, келісім мен бейбітшілік салтанат құрғаны үшін Елбасына жастардың атынан алғысын жеткізді.

Белсенді жастар, қоғамдық бірлестіктердің мүшелері, жоғары және арнаулы оқу орындарының студенттері еліміздің көк байрағын көтеріп, Елбасы жазуын бейнеледі.

 Фото, видео: ЖБДО

 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Жастар Орталығы/Центр Молодежи (@crmi_pvl)21 Мар 2019 в 4:01 PDT

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам