Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі секторының меңгерушісі Нұрлыбай Нұрпейісовтің айтуынша, бұл осы аталған нысандардың бұзақылар шабуылдарынан қорғауға септігін тигізеді. Иесіз алаңдарды ТҮКШ бөліміне тапсыру жоспарлануда.

- Қаламыздағы спорт алаңдарының бір бөлігі қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің балансында болса, қалған бөлігі тұрғын үй коммуналдық шаруашылық бөлімінің балансына тапсырылады, - дейді Нұрлыбай Нұрпейісов. – Оларды күтіп ұстауға осы бөлімдер жауапты болып, қажет болғанда мердігерлер көмегімен жөндеу жұмыстарын жүргізеді. Дегенмен, спорт алаңдары мен воркауттардың басым бөлігі тұрғын үйлер маңында орналасқандықтан, олардың күйін бақылау пәтер иеленушілер кооперативтеріне ыңғайлы. ПИК-тер бұл жерде бақылаушы қызметін атқаратын болады.

Айта кетейік, биыл қаламызда жаңа 23 кешенді алаңдар пайда болады. Олардың 18-і балаларға арналса, қалған бесеуі – воркауттар. Оларды маусым-тамыз айларында орнату жоспарлануда. Осы мақсатқа облыстық бюджеттен 410 миллион теңге бөлінген.

Айбек Жұматов

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: спорт алаңдары, ПИК, ТҮКШ, тұрғын үй инспекциясы, коммуналдық шаруашылық