Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау Комитеті Павлодар облыстық аумақтық инспекция биологиялық қауіпсіздік бөлімінің басшысы Бақытжан Абдрахманов мәлім етті. 

- 2016 жылы Шарбақты ауданының Шарбақты ауылы мен Успен ауданының Лозовское, 2017 жылы Ақтоғай ауданының Басқамыс, Железин ауданының Ақтау ауылдық округтерінде және 2018 жылы Тереңкөл ауданының Малые Березняки ауылында ірі қара малда анықталған. Биылғы жылы құтырма дерегі тіркелмеді. Бұл жерде оң динамика байқалады. Өткен жылдармен салыстырсақ, жылына бес-алты оқиға тіркелуі мүмкін еді. Бұл ауру көбінесе етқоректі жабайы жануарлардан жұғады, - дейді Бақытжан Абдрахманов.

Спикердің айтуынша, ветеринарлық шаралар жоспарына сәйкес аса қауіпті аурулардың алдын алу бойынша 2019 жылы құтырма, пастереллез, сібір жарасы, эмфизематозды карбункул, жылқылардың ринопневмониясы және маллеинизация, ірі қара малдардың туберкулинизациясына қарсы екпе жоспарланған.

Аталған шаралардың барлығы ҚР заңнамасына сәйкес республикалық бюджет есебінен жүргізіледі. 2019 жылы эпизоотияға қарсы іс-шараларды жүргізуге 673 млн 769 мың теңге бөлінген. 2018 жылы бұл сома 652 млн 162 мың теңгені құраған.

Ақбота Сейсенбаева
Фото: ӨКҚ

 

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, ветеринария, құтырма