Павлодар мемлекеттік педагогикалық университетінде «Президент сайлауы 2019: рөлі мен маңыздылығы» тақырыбында ғылыми-тәжірибелік конференция ұйымдастырылды. 

Кездесудің алдында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 9 маусымда кезектен тыс сайлау өтетіні туралы мәлімдеген видео көрсетілді.

- Бұл сайлау барлығымыз үшін өте маңызды, - деді ректордың жалпы мәселелер жөнінегі кеңесшісі Қайрат Текжанов. – Біз барлығымыз лайықты Президентті таңдауға мүдделіміз. Қасым-Жомарт Тоқаев кезектен тыс сайлау өткізудің маңыздылығын нақты түсіндіріп берді: «Қоғамдық-саяси келісімді қамтамасыз етіп, алға басуға, әлеуметтік-экономикалық даму міндеттерін шешу үшін кез келген тұрлаусыздықты алып тастау керек.

Конференция кезінде елімізді басқарудағы президенттің рөліне және сайлаудың маңыздылығына арналған бес баяндама тыңдалды.

Тарих ғылымдарының кандидаты, тарих кафедрасының доценті Нұркен Күзембаев Елбасын Қазақ хандығы дәуіріндегі ел билеушілермен салыстырды.

Оның айтуынша, Нұрсұлтан Назарбаев Хақназар хан сияқты мемлекет үшін өте ауыр кезеңде келіп, еліміздің гүлденуіне бастады.

- Біздің тарихымызда барлығы да қайталануда, - дейді тарихшы. – Оның шиыршық тәрізді негізі бар. Қазіргі таңда ең маңызды тұс – елді алға бастайтын жаңа саяси көшбасшысын сайлау. Заманауи кезеңде біздің мемлекеттің даму қисынын бұзып алмау үшін салмақты және дұрыс таңдау жасау керекпіз.

Нұркен Күзембаев өз сөзінде мемлекеттің болашағы жастарға байланысты екенін, сондықтан білім беру жүйесін жақсарту туралы айтып өтті.

- 9 маусымда келесі мемлекет басшысын сайлауға барамыз. Біз күн сайын Қазақстанның ертеңгі күні қандай болатындығына таңдау жасаймыз. Бұл президентке, премьер-министрге, үкіметке байланысты емес, бұл сіз бен бізге, яғни әркімнің өз жұмысына деген көзқарасына байланысты. «Мемлекет маған не істейді» деп сұрамау керек. Керісінше, «Мен мемлекет үшін не істей аламын» деген сұрақ болуы тиіс. Егер әркім өзіне осындай сауал қойса, біздің ел жыл сайын өркендей түседі, - деп түйіндеді тарихшы.

 

Фото: Ольга Бугаева

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар облысы, сайлау, қоғам, саясат