Олимпиадалық резерв бассейніне іргелес бес мың шаршы метр аумақта 125 үшжылдық қарағай және 150 бадам көшеттері отырғызылды.

- Олар «Дендра» және «Горзеленстрой» ЖШС-мен ұсынылған, - деді қала әкімдігі ТКШ бөлімінің абаттандыру және көгалдандыру секторының меңгерушісі Ержан Түсіпбеков. - Көшеттерді күту және суару жұмыстарын мердігер ұйымдар ұйымдастырады.

Облыс, қала басшылығы, депутаттар, ҮЕҰ өкілдері қолдарына күректер мен шелектер  алды. Уақыт өте келе ағаштар көтерілгеннен кейін мұнда қалалықтардың демалуына арналған орындықтар орнату жоспарлануда.

Еске сала кетейік, қаланы абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау айлығы 5 сәуір - 5 мамыр аралығында өтеді.

Павлодарда 16 мыңнан астам адам қатысқан екі сенбілік өткізілді. Оның ішінде шағын және орта бизнес өкілдері, ірі кәсіпорындар, мемлекеттік мекемелер, қала тұрғындары бар.


Фото: Роза Мұстафина, Валерий Бугаев

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам