Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Железин ауданында табиғат қорғау полициясы тобының инспекторы, полиция аға лейтенанты Арман Жақыпов орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі Үрлітөбе мекемесінің орманшыларымен бірге өткізген рейдтік шаралар кезінде Павлодар қаласының екі тұрғынын ұстады. Олар Железин ауданы Башмачное ауылына жақын маңдағы Ертіс өзені алқабында қармақты аумен балық аулап, балық аулау ержесін өрескел бұзған, - дейді департаментте.

Аталмыш фактіге қатысты ҚР ӘҚБтК 383-бабы, 3-бөлімі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды.

Полицейлермен 41 келіден артық балық (көксерке, ақтабан, алабұға), ұзындығы 50 метр сегіз дана қармақты ау тәркіленіп алынды.

Сондай-ақ, Ертіс ауданы ПБ тәртіп сақшылары орманшылармен бірге Ертіс ауданы алқабынан заңсыз балық аулаған Қызылжар ауылының тұрғыны ұсталды. Ер адам қармақты аумен балық аулаған. Полицейлер балық (мөңке, ақтабан, алабұға, шортан) және ауды тәркіледі.

Балық аулау тәртібін бұзған тұрғын ҚР ӘҚБтК 383-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

 Фото: ПД

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам