«Майдан жолы» іздестіру-зерттеу жасағының мүшесі, ИнЕУ жоғары колледжінің АӘД оқытушысы Нұркеш Мағзұмовтың айтуынша, 12 машина Таврия - Павлоград - Русско-Полянский аудандары - Павлодар облысы Ертіс ауданының Ленино ауылы бағыты бойынша жүріп өткен.

- Үш жыл қатарынан осындай автошеру өтеді, - дейді Нұркеш Мағзұмов. – Бұған дейін алты ауданды қамтыған. Биыл 3 мамырда Ресей Федерациясы мен Қазақстан шекарасында екі ел өкілдерінің кездесуі болды. Омбы облысы бойынша «Мәңгілік даңқ» үйлестірушісі Галина Кудря салтанатты түрде Жеңіс Туының ұлғайтылған және «Мәңгілік даңқ» туының көшірмесін Павлодар облысы бойынша «Мәңгілік даңқ» координаторы Сергей Федоренкоға табыстады. Митинг өткізіліп, соғыс ардагерлері мен іздеушілер шақырылады. Ресей тарапынан автожарысты өткізуге Омбы облысы қазақ ұлттық-мәдени орталығының президенті Жанат Бекмагомбетов көмектесті.

Шара барысында Қазақстан мен Ресей өкілдері ортақ Ұлы Жеңіс, екі бауырлас халықтың достығы мен ынтымақтастығы туралы және оның келешек ұрпаққа жеткізу қажеттілігі туралы сөз сөйледі. 316-атқыштар дивизиясының солдаты В.С.Шкодылевтың қызы қонақтар алдында құттықтау сөз сөйледі.

Көрші елден келген қонақтарға Нұркеш Мағзұмов «Қазақстандықтар Ленинград үшін шайқаста» кітабын сыйлады. Сондай-ақ, ИнЕУ жоғары колледжінің студенттері мен оқытушылары қонақтарға концерттік бағдарлама ұсынды.

Томирис Бекжан

Фото: Облыстық білім беру басқармасы

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам