Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.

«Ғалымдар Жердегі табиғи өмір жүйесі азайып бара жатқандықтан адамзатқа қауіп төніп тұрғанын хабарлады. БҰҰ жаһандық баяндамасына сенсек, ормандар мен басқа да табиғат жүйелерінің бұзылуы соңғы он миллион жылға қарағанда табиғатты жүздеген есе жылдамдықпен құртып жатыр», деп жазады автор. Оның жазуынша, бүгінде табиғи экожүйелердің жартысы, жабайы сүтқоректілердің 82%-ы жойылып кеткен. Тағы бір миллион түр жойылу алдында тұр. «Бұған адамдар әсер еткен. Үш жыл бойы жүргізілген зерттеуге 450 ғалым мен дипломат қатысқан. Баяндама авторлары осы өзгерістер салдарынан таза су азайып, климаттың тұрақсыздығы арта түседі» деп жазады автор.

«Адамдар тәуелді экожүйелерге де біздің қолдауымыз керек. Адамдар өз қолымен экономика, қауіпсіздік, денсаулық пен өмір сапасына кері әсер етіп жатыр» дейді автор. Оның жазуынша, баяндамада Жер шарының төрттен үші фермаға айналғаны, немесе бетон құйылып, басқа да қажеттіліктерге қарай өзгертілгені айтылған.

pavlodarnews.kz

Тэги: