ВВС басылымының жазуынша, әлеуметтік желі #vaccinescauseautism секілді жалған ақпарат қамтитын хэштегті бұғаттаған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлеуметітк желі енді вакцинаға қарсы жалпылама хэштегтерді де бұғаттайтынын айтты. Дегенмен, әлеуметтік желі өкілдерінің айтуынша, бұл хэштегтерді тарататын аккаунттар мен адамдарға қарсы ешқандай әрекет қолданылмайды», деп жазады автор. Оның жазуынша, дәлелі бар жалған пікірге негізделген хэштегтер бірден бұғатталады.

«Бұл хэштегтер қоғамдық пікірге кері әсер етеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының ұсынысымен, осындай шешім қабылданып отыр. Әзірге #vaccinescauseaids және #vaccinesarepoison хэштегтері бұғатталды», деп жазады автор. Дегенмен, бейтарап хэштегтер пайдаланылып, жалған ақпарат таратылуы мүмкін екенін жоққа шығаруға болмайды.

Айта кету керек, ақпан айында YouTube екпеге қарсы жарнамаларды көрсетуге тыйым салған болатын. Ал Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметінше, 2019 жылы «денсаулыққа төнген жаһандық қауіптің алғашқы ондығында» вакцинаға қарсы көзқарастар тұр.

pavlodarnews.kz

Тэги: