Бұл туралы Павлодар облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының балық шаруашылығы бөлімі хабарлады.

Тыйым салу шарасы балықтардың уылдырық шашу маусымының келіумен байланысты болып отыр. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті төрағасының міндетін атқарушы осындай бұйрыққа қол қойды. 

- Тыйым салу шарасы наурыздың 1-і мен маусымның 15-і аралығына жоспарланған, - деп толықтырды бөлім қызметкерлері. - Осы уақытта облыстың су қоймаларындағы су жәндіктерін қоректендірумен байланысты шаралар атқырылады.Облыстың дала және тұщы су айдындарында, Ертіс өзенінде оның жайылма су айдындарымен Ресей Федерациясының әкімшілік шекарасынан 2019 жылғы 10 мамырдан бастап 2019 жылғы 20 маусымға дейін қоса алғанда, сондай-ақ Қаныш Сәтбаев атындағы су қоймаларында – бірінші - сегізінші гидротораптарда 20 сәуірден 20 мамырға дейін көксерке, ал 1 мамырдан 30 маусымға дейін сазан ұстауға болмайды.

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам