Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Осыған байланысты республиканың батысында, солтүстік-батысында, шығысында, онтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктер өтеді, кей жерде найзағай болып, жаңбыр жауады.

Республиканың кей жерінде жел күшейеді, найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, шығыста дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл, оңтүстік-батысында тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, күндіз Батыс Қазақстан облыстарының кей жерінде найзағай болып, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді, Шығыс Қазақстан облысының кей жерінде дауыл болуы мүмкін.

Қызылорда, Түркістан, Қарағанда, Павлодар облыстарының күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшеюі вқтимал, Түркістан облысының таулы аймақтарында найзағай болады, күндіз Қызылорда облысының кей жерінде шаңды дауыл болады.

Атырау облысының кей жерінде найзағай болып, күндіз кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Күндіз Ақтөбе облысының кей жерінде найзағай болып, жел 18 м/с күшейеді.

Қостанай облысының кей жерінде найзағай болады.

Маңғыстау облысының кей жерінде тұман түседі.

pavlodarnews.kz

Тэги: