Білім беру мекемесі баспасөз қызметінің мәліметінше, 20-шы Азия олимпиадасына Бангладеш, Камбоджа, Қытай, Үндістан, Индонезия, Израиль, Малайзия, Моңғолия, Пәкістан, Румыния, Ресей, Сингапур, Шри-Ланка, Қазақстан, Сауд Арабиясы, Түркия, Тайланд, Тайвань, Вьетнам сияқты әлемнің 22 елінің физиктері қатысқан.

-  Олимпиада қорытындысы бойынша еліміздің құрама команда мүшелері үш қола медальді жеңіп алды, - дейді баспасөз хатшысы Рымгүл Божақанова. - Бүгінгі таңда Диярда үш университеттің гранты бар. Нақтырақ айтатын болсақ, бұл - Ресейдің жоғары экономика мектебі, Назарбаев Университеті және Қазақ-Британ университеті. Оған қоса, 2018 жылдың желтоқсанында Дияр еліміздегі ең мықты сегіз физиктің қатарына енген болатын. 7 сыныптан бастап физика пәнінен Назымгүл Кәрімова дайындап келеді.

Айта кетерлігі, физикадан Азия олимпиадасы — Азия-Тынық мұхиты аймағы елдерінің оқушылары арасында  жыл сайын өтетін бірегей зияткерлік жарыс.   

 Ақбота Сейсенбаева

Фото: НЗМ

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам