Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, ең қызықты тұсы абсолюттік салмақ дәрежесіне дейінгі және 100 келіден жоғары айқас болған. Мақсатқа жету үшін төзімділік пен жауынгерлік ұстанымын көрсеткен Руслан Костоев он шайқастың сегізінде жеңіске жетіп, қола медальге ие болды.

Ауыр бәсекелестік қарсылыста 85 келі салмақ дәрежесінде күміс жүлдегер атанған Ернар Қожахметов бес жекпе-жектің үшеуінде жеңіске жетті.

- Джиу-джитсу қазіргі уақытта әлемдегі ғана емес, Қазақстандағы жекпе-жектің ең жылдам дамып келе жатқан және танымал түрлерінің бірі болып табылады, - дейді Ернар. - Джиу-джитсу басты ұстанымы - өзіңнен мықты адамды жеңу. Бүгінгі жекпе-жекте барлық джиу-джитсерлер алғашқы минуттардан бастап батыл және белсенді күрес көрсетті. Мен де осындай көңіл-күйде болдым, жеңіске жету үшін бар күшімді салдым.

Айта кетерлігі, Руслан мен Ернар екі жыл джиу-джитсу және грэпплинг «ВЕК ТЕАМ» академиясының бас жаттықтырушысы Заиырбек Әбілқадыровтың жетекшілігімен дайындалады.

 

Фото: ПД

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам