«Қазақстан алюминийі» АҚ баспасөз қызметінің Instagram әлеуметтік желісінің ресми аккаунтында орналасқан мәліметке сүйенсек, 2019 жылы 12 мамырда сағат 10:30-да Павлодар алюминий заауытының шлам алаңында «Ай-Су Мелиорация» ЖШС-ның жұмысшысы қайғылы жағдайға ұшыраған.

- Зардап шеккен адам ауруханада көз жұмды. Аталған факті бойынша тергеу басталды, - делінген хабарламада.

Сонымен қатар, аймақтық еңбек басқармасының еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімінің басшысы Абылай Сабыров аталған факті бойынша тексеру басталғанын айтады.

- 2019 жылғы 12 мамырда жұмысшы шлам құбырын монтаждау кезінде құбыр басып қалған, - деді Абай Сабыров. - Бұл алдын ала болжам. Тергеу жүргізетін боламыз. Оқиға орнында барлығы тіркелді, тергеу жүргізілуде.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының ақпараты бойынша, ер адам өмірімен үйлеспейтін жарақат алған.

Томирис Бекжан

Фото: ашық дереккөздерден

 

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға