Орталық мүшесі, ПМУ профессоры Ғани Елмұратов ақпарат жеткізгендей, мұнда кезектен тыс президенттік сайлауға шетелден келген бақылаушыларға көмек көрсетіледі.

- Орталық жұмыс істеуге арналған құрал-жабдықтармен жабдықталып, интернет желісіне қосылған, - дейді Ғани Елмұратов. – Бақылаушылар сайлаудың өту барысын бақылап, оған дайындық пен сайлау учаскелері туралы мәліметтерді жинастырады. Олардың көпшілігі БҰҰ миссиясы, ЕҚЫҰ және ТМД өкілдері болады деп күтілуде.



Ғани Елмұратовтың айтуынша, қазіргі кезде өңірімізге келетін халықаралық бақылаушылардың саны және қай елден келетіні туралы мәлімет жоқ. Дегенмен, жоспарға сәйкес, тек ТМД елдерінен облысқа 400-ге тарта бақылаушы келеді.

Алғашқы бақылаушылардың келуі осы аптада күтілуде.

Айбек Жұматов

Фото: автор

pavlodarnews.kz

Тэги: сайлау, президент, халықаралық бақылаушылар, облыстық кітапхана