Бұл туралы ҚР Жеңіл атлетика федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

- Эстафетадан Қазақстан командасының сапында Светлана Голендова, Рима Кашафутдинова, Элина Михина және павлодарлық Ольга Сафронова сынға түскен болатын, - деді баспасөз қызметінде. – Олар 100 метрлік жарысқа қатысты. Ал, ерлер мен әйелдердің аралас командасы 400 метрде бәсекелесті.

Құрамында Ольга Сафронова бар еліміздің командасы 43,71 секунд көрсеткішпен өз тобында 5-ші болып мәре сызығын кесіп, қорытынды есепте 8-ші орынға тұрақтады.

Осылайша, үздік ондыққа енген Қазақстан командасы 2019 жылдың 27 қыркүйегінде Катардың Доха қаласында басталатын әлем чемпионатына қатысуға жолдама алды.

Айта кетейік, әйелдер арасында үздік атанған 10 команда мен аралас эстафетадан 12 команда Дохадағы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігіне ие болды.

Оразбек Саяхат
Фото: qazathletics.kz

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Ольга Сафронова, жеңіл атлетика, спорт