Бұл туралы облыстық ТЖД-нің баспасөз қызметі мәлім етті.

- Сағат 10.22-де Ақсу кентінде Абай көшесі, 67 мекенжайы бойынша өрт болып жатқаны туралы хабарлама түсті, - дейді департаментте. - Үйдің ауласында жеке тұрған ағаш шаруашылық құрылыстың 30 шаршы метрі жанып, төбесі құлап түскен. Өрт сөндірушілер сыртқа сыйымдылығы 27 литрлік екі газ баллонын шығарды. Тілсіз жауды жеке құрамнан бес адам мен екі техника сағат 11.46-да сөндірген. Өрттің шығу себебі мен келтірілген шығын көлемі анықталуда.

Сондай-ақ, Тереңкөл ауданының Степная көшесі, 8 мекенжайы бойынша тұрғын үйдің аумағында ағаш құрылымдар, жеке тұрған үш бөлмелі асүйдің 30 шаршы метр аумағында жиһаздар мен заттар жанған. Бұл жерден де 27 литрлік газ баллоны анықталды.

Өрт пешті қолдану кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтамау салдарынан орын алған. Оқиға орнында жеке құрамнан бес адам мен бір техника жұмыс істеді.

Томирис Бекжан

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, оқиға, өрт