«Nur Otan» партиясының кандидатын қолдау мақсатындағы жиынға Павлодар қалалық мәслихатының депутаты Қобыланбек Қожин, Павлодар облыстық медиация орталығының жетекшісі Ольга Николашина бастаған сенімді өкілдер қатысты.



«Nur Otan» партиясының мүшесі, «Павлодар мұнай-химия зауыты» ЖШС бас директоры Оспанбек Әлсейітов болашақ үшін дұрыс таңдау жасау керектігін айтты.

-    Бәріміз ертеңімізді, ұрпағымыздың келешегін ойлаймыз, - деді Оспанбек Әлсейітов. – Өзім де бала тәрбиелеп отырмын. Біз қазір дұрыс бағытта келе жатырмыз. Жағдайымыз күннен-күнге жақсаруда. Сондықтан елімізге осы бағыттан мүлде өзгеруге болмайды. Елбасымыздың бастаған жолы ары қарай жалғасын табуы тиіс. Сол себепті, болашақ жарқын болуы үшін бүгін дұрыс таңдауға тиіспіз.



Перзиденттікке кандидаттардың 11 мамырда басталған үгіт-насихат жұмыстары 8 маусымға дейін жалғасады. 9 маусымда ҚР Президентін сайлау болады.

Айта кетейік, ҚР Президентіне кандидат Қасым-Жомарт Тоқаев, Аманкелді Таспихов, Жамбыл Ахметбеков, Дания Еспаева, Сәдібек Түгел, Әміржан Қосанов, Төлеутай Рахымбековтың сайлауалды бағдарламаларын ресми сайттарынан және әлеуметтік желідегі аккаунттарынан көруге болады.

Оразбек Саяхат
Фото: автор және Данияр Жұмаділов

pavlodarnews.kz

Тэги: Сайлау, кандидаттар, сайлауалды тұғырнама