Бұл туралы BAQ.KZ хабарлайды.

Республиканың оңтүстігінде және оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей аймақта жел күшейіп, найзағай болады, бұршақ жаууы мүмкін, дауыл, оңтүстікте шаңды дауыл болып, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Шығыс Қазақстан, Павлодар, күндіз Солтүстік Қазақстан, Қарағанды, Ақмола облыстарының кей жерінде дауыл болады, бұршақ жаууы мүмкін, желдің күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с.

Батыс Қазақстан облысының кей жерінде бұршақ жаууы мүмкін, күндіз жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Ақтөбе, Қостанай облыстарының кей жерінде жел 15-20 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауыл болады.

Маңғыстау, Атырау облыстарының кей жерінде тұман түседі.

pavlodarnews.kz

Тэги: