- Жиындарға қаланың жалпы білім беретін мектептерінің 48 алғашқы әскери дайындық оқытушысының сүйемелдеуімен 10 сыныптың 400 оқушысы қатысуда, - дейді қалалық білім беру бөлімінде.

Шарбақты ауданының «Лесная сказка» ЖШС-нде тұру және практикалық сабақтар өткізу үшін жағдай жасалған. Бес күннің ішінде оқушылар әскери өмірмен танысады. Жиында атыс және тактикалық дайындық, Қазақстан Республикасы Әскери қызмет жарғысын, топография және азаматтық қорғаныс бойынша практикалық сабақтар жоспарланған.

Оқу-дала жиындарының қорытындысы бойынша оқушылар қорытынды баға алады.

Дәстүрлі түрде ауған-жауынгерлерімен кездесу жоспарланған. Олар өздерінің естеліктерімен бөлісіп, болашақ Отан қорғаушыларына тілек білдіреді.

Фото: қалалық білім беру бөлімі

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам