Бұл туралы ҚазАқпарат Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәлиге сілтеме жасап хабарлайды.

Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында «Спорт шеберінен шеберлік сабағы» деген тақырыппен видео жариялады.

Еске сала кетсек, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Орал қаласындағы Оқушылар және жастар сарайында Батыс Қазақстан облысының жұртшылығымен кездесті. Жиында Мемлекет басшысы өңірдегі әлеуметтік нысандар мен тұрғын үй құрылыстарының қарқынын арттыруды тапсырды.

«Шетелдік инвестиция есебінен екі бірдей алыс ауданның орталығына дене шынықтыру және сауықтыру кешенін салу жұмыстары басталды. Бұл - өте жақсы көрсеткіш. Әкімдікке Жастар жылы аясында барлық аудандарды осындай дене шынықтыру кешендерімен қамтамасыз етуді тапсырамын», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

pavlodarnews.kz

Тэги: