2002-2003 және 2004-2005 жылы туған қыздар мен жасөспірімдер арасында өткен жарыс екі күнге жалғасты.

Нәтижесінде, Степногорск қаласының дзюдошылары 3 алтын, 3 күміс пен 1 қоланы ұтса, талдықорғандықтар 3 алтын мен 1 қоланы қанағат тұтты. Семейлік спортшылар 2 алтын, 2 күміс пен 2 қолаға қол жеткізді.

Әр салмақ дәрежесі бойынша жеңімпаздар бағалы сыйлықтармен марапатталды. Железин ауданының дзюдошылары 8 рет жеңіс тұғырына көтерілді (1 алтын, 2 күміс, 5 қола).

Ал, 6 салмақ дәрежесі бойынша сынға түскен командалық тартыста алматылықтардың бағы үстем болды. Жеңімпаздарға 100 мың теңге ақшалай сыйлық табысталды. Железиндік жасөспірімдер екінші орынға (50 мың), Нұр-Сұлтан-2 командасы үшінші орынға (30) ие болды.

Еске салайық, спорт сайысында Нұр-Сұлтан, Алматы, Арқалық, Қостанай, Өскемен, Семей, Қарағанды, Талдықорған, Павлодар, Екібастұз, Ақсу мен басқа да өңірлерден келген 250-ден астам спортшы 12 салмақ дәрежесі бойынша боз кілемде белдесті.

Абзал Қабдраш

pavlodarnews.kz

Тэги: Павлодар, Железин, Теміршот Нүкенов, күрес, спорт