Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, тыйымға қарамастан, заңсыз балық аулауға құмартушылар баршылық.

- Ақсу қалалық табиғатты қорғау полициясы тобы балық аулауға тыйым салынған кезеңде «Ертіс» өзенінің жайылмасында, Сарышығанақ ауылының маңында Қытайда жасалған ауларды орнату кезінде 59 жастағы облыс тұрғынын ұстады, деп хабарлады полицейлер. - Полицейлер үстерінен түскендіктен пиғылдарын жүзеге асыра алмай қалды. Ер адам сонысымен тыйым салынған ау құралдарымен балық аулау ережелерін өрескел бұзған.

Полиция қызметкерлері жалпы ұзындығы 60 метр 2 дана ау алды. ҚР ӘҚБтК 383-бабы бойынша әкімшілік материал толтырылды.

2019 жылдың төрт айы ішінде ғана полиция қызметкерлері балық аулау ережесін бұзғаны үшін 140 адамды әкімшілік жауапкершілікке
тартты.

pavlodarnews.kz

Тэги: браконьерлер, полиция, балық аулау