Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында облыстық жер қойнауын пайдалану, қоршаған орта және су ресурстары басқармасы басшысының орынбасары Әйгерім Қабылтаева мәлім етті.

- Биылғы жылы 7 сәуір-6 мамыр аралығында су босату жұмыстары жүргізілді, - дейді Әйгерім Қабылтаева. – Босатылған су көлемінің мөлшері 3500 м3/с. Бүгінгі күні су жайылған аумақ 286,3 гектар немесе жайылымдық жердің 84,5%-ын құрады. Сонымен бірге, Қаныш Сәтбаев арнасынан су босату жұмыстарының нәтижесінде Екібастұз қаласының ауылдық аймағы мен Ақтоғай ауданына қарасты лиманды суармалы аумақтың 18,5 гектарына су жайылды.

Әйгерім Қабылтаеваның айтуынша, мұндай көлемдегі су босату 2009 жылдан жүргізіліп келеді. Су босатудың арқасында 21 мың гектар шабындық жер суға толды.

Айта кетейік, осы жұмыстардың нәтижесінде су жайылған жерлердегі шабындықтың өнімділігі артқан.

Айбек Жұматов

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: табиғатты қорғау, Ертіс өзені, су босату, жайылым