- 2019 жылдың 1 сәуірінен бастап АӘК тағайындаудың жаңа тетігін енгізу басталды, - деп атап өтті жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Гүлнар Камалова. – Күнкөріс минимумына сәйкес 50% - 14849 теңгеден - 70% - 20789 теңгеге дейін арттыруды көзделеді.

Бұдан басқа, АӘК алуға үміткер отбасының жиынтық табысын есептеу кезінде "Күміс алқа" және "Алтын алқа" белгілерімен марапатталған көп балалы отбасыларға және көп балалы аналарға төленетін мемлекеттік жәрдемақы, мүгедектігі бойынша балаларға арналған жәрдемақы, сондай-ақ стипендиялар алынып тасталды.

Ай сайын атаулы әлеуметтік көмек алушы аз қамтылған отбасының әрбір баласына ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70%-ы немесе 20 789 теңге мөлшерінде кепілді көмек төленеді.

1 сәуірден бастап халықты жұмыспен қамту орталықтары, ауылдық округ әкімдері облыс тұрғындарына кеңес беріп, АӘК жаңа тетікті тағайындауға өтініш қабылдайды.

 Бүгінгі күні атаулы әлеуметтік көмек тағайындау тәртібі туралы 20 мыңнан астам азаматқа кеңес берілді.

Облыс бойынша жаңа форматтағы атаулы әлеуметтік көмек 3718 аз қамтылған отбасына жалпы сомасы 302,6 млн теңгеге көрсетілді.

Фото: ашық дереккөздерден

pavlodarnews.kz

Тэги: қоғам, ДТП