Қалалық білім беру бөлімінің маманы Балжан Әділханованың айтуынша, байқауға 30 педагог қатысқан. Оның ішінде 19 жалпы білім беретін мектептердің 24 мұғалімі және алты мектепке дейінгі мекемелердің ұстаздары бар.

- Конкурстың мақсаты - педагог мәртебесін арттыру және кәсіби қызметте жоғары жетістіктері бар шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтарды ынталандыру, балаларды тәрбиелеу мен оқыту мүмкіндіктерін кеңейтетін стандартты емес педагогикалық идеялар мен жаңалықтарды іздеу. Байқау нәтижелерін алқалы сараптау комиссиясы анықтады. «Үздік педагог» байқауы көптеген жылдар бойы педагогтың жеке жетістіктеріне ғана емес, қалалық білім беру жүйесінің жетістіктеріне де қарайды, - деді білім беру бөлімінде.

Бас жүлдені № 16 лицей-мектебінің биология пәні мұғалімі Елена Чайковская жеңіп алды.

І орынды № 21 ЖОМ тарих және география пәні мұғалімі Гүлмира Есмакаева, ІІ орынды № 19 ЖОМ информатика пәні мұғалімі Алмас Серікбаев, № 34 ЖОМ Илья Поляков иеленсе, ІІІ орынды № 1 ЖОМ экономика және құқық пәні мұғалімі Азамат Сыздықов, № 13 ЖОМ орыс тілі және әдебиеті пәні мұғалімі Светлана Бойченко, № 40 ЖОМ логопеді Қымбат Матай, № 25 ЖОМ музыка пәнінің мұғалімі Жанұзақ Балкенов, № 126 сәбилер бақшасының режиссері, эстетика мұғалімі Ирина Пятых иеленді.

№ 22 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі Алтынай Жекеева, № 26 ЖОМ география және тарих пәнінің мұғалімі Людмила Терейковская, № 37 ЖОМ тарих, орыс тілі және әдебиет пәнінің мұғалімдері Маржан Сахимзадина, № 16 лицей-мектебінің физика пәнінің мұғалімі Айжамал Батаева, № 126 сәбилер бақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі Айман Тукенова конкурс лауреаттары атанды.

«Үздік педагог - 2019» республикалық байқауының қалалық кезеңінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері облыстық кезеңде қала намысын қорғайды.

Фото: қалалық білім беру бөлімі

pavlodarnews.kz

Тэги: